Партияның кеңсесінде шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Павлодардағы филиалы үшін диалог алаңы ұйымдастырылды.
Мұнда кәсіптерін жаңадан бастағалы жатқан бизнесмендер жобаларды іске асыру үшін жеңілдікті несиелер мен қаржы алудың шарттары туралы толық ақпарат ала алады.
Нұротандықтар акция барысында түскен өтінімдердің мониторингін жүргізетін болады.