Павлодарлық оқушы қазақ тіліндегі КВН-ның жазғы кубогының «Ең үздік ойыншысы» атанды
07:45, 13 Тамыз 2010
ПАВЛОДАР. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының оқушысы Алдияр Жапарханов Баянауылда аяқталған Көңілділер мен тапқырлар клубының «Жасыбай толқыны» жазғы кубогында «Фестивальдің үздік ойыншысы» деп танылды. Бұл туралы «Ертіс дарыны» аймақтық орталығынан хабарлады.
Жазғы кубокка сегіз облыстың командалары таласты, павлодарлық «Дарын.kz» ең жас команда болды. Оны Көңілділер мен тапқырлар клубының мектеп лигасының республикалық маусымының жеңімпаздары, дарынды балаларға арналған Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың оқушылары құрып отыр.
Алдияр тек «көңілді және тапқыр» ғана емес, сондай-ақ ол ақылды оқушы - биыл ол тарих пәнінен облыстық олимпиадада үшінші орын алды. Күзде тоғызыншы сыныпқа баратын ол, болашақ мамандығын да таңдап қойған - жас дарын Мәскеу барып, саясаттанушы мамандығын игермек.