Павлодарлық оқушы Парижде өткен халықаралық олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Павлодар облысының 10 сынып оқушысы Владислав Черданцев Франция астанасында химия пәнінен өткен халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облысымыздағы 8-ші мектептің 10-шы сынып оқушысыЧерданцев Владислав Парижде өткен химиядан халықаралық олимпиаданың (IChO)күміс жүлдегері атанды. Ұстазы Молокова Ирина Николаевна. Құтты болсын!» -деп жазды Павлодар облысы Білімбасқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар