Павлодарлық оқушылар аналарына ерекше сыйлық дайындады

None
ПАВЛОДАР. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін - 8 наурыз мереке күні Павлодарлық бастауыш сыныптардың оқушылары өз аналарына сыйлық тарту етті.

Олар бұл сыйлықтарын еңбек пәнінде дайындады, деп хабарланды білім басқармасынан.

№21 инновациялық мектептің оқушылары солмайтын гүл жасап, түрлі -түсті ашықхат дайындап, өз ойларын, тілектерін жазып аналары мен әжелеріне тарту етті.

Мереке күндері Павлодардың барлық мектептерінде аналар үшін концерттер ұйымдастырылды.