«26 желтоқсан күні ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Балалардың көшеде жүруі қиынға соғуда. Олар құлап, жарақат алуы мүмкін. Сондықтан мектептегі сабақтарды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды», - дейді Павлодар әкімдігінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.
Талапқа сәйкес көктайғақ сабақты тоқтатуға себеп болмайды, алайда қаланың білім бөлімі шешім қабылдауда төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметтерін басшылыққа алды.