паБұл туралы агенттікке аталмыш білім беру ордасының оқытушысы және жүлдегерлерді дайындаған Инна Масленникова айтты.
«Гавиржов қаласында өткен 27 халықаралық графикалық өнер байқауында алғаш рет Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің 29 оқушысы қатысты, - дейді ол.
Қазылар алқасының назарына бүкіл әлемнен «Транспорт» тақырыбындағы 1496 жұмыс жіберілген. Қазақстаннан қатысқан 52 оқушының ішінен біздің екі шәкіртіміз жүлдегерлер атанды. Жеті жасар Вера Головчуктың «Әкеммен дүкенге» және алты жасар Зарина Ибрагимованың «Қыдыртамын!» жұмыстары жоғары бағаға ие болды. Бұл туындылар фломастермен және пастельмен орындалған. Жетекшісі - Гүлнар Мұхаметқалина.
Бұдан басқа, соңғы көрмеге қойылған үздік жұмыстардың авторларына диплом берілді. Олар - Расулжан Уалихан, Арина Расулжан, Даша Дубкова, Алияр Садуев, Ермұрат Несіпхан, Аделина Сансызбаева, Диана Гагарина, Іңкар Абзал, Виолетта Комарова, Ирина Киселева, Лейла Кусаева, Татьяна Бухтарова, Ксения Хорцева, Алена Коношонок.