Ардагерлер балаларды қуана қарсы алды.
«Бізді Жеңіс күнінде ғана еске алмайтыны өте қуантты. Кез келген уақытта көмек сұрауға болатын осындай жас азаматтардың бар екені жақсы», - деді тыл еңбеккері, қазақ киносының ардагері Елена Ивановна Мақабаева.
«Жас Ұлан» белсенділері ардагерлердің үйлеріне баруға алдын ала дайындалды: олар мектептерінде жәрмеңкелер өткізіп, азық-түлік себеттерін жинап, өлеңдері мен әндерін дайындап барды.
Еріктілер тыл еңбеккері Мағмура Есханқызы Шайморданованың пәтерін жинап, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Ивановна Попованың үйіне барды. Балалар оның үйінің ауласын қардан тазалап, үй шаруасында көмектесті.