Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының орынбасары Саян Мұқанов мәлім етті.
- Баянауыл ауданында шетелдік мамандарды тарту арқылы мұндай шара тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 2020 жылға дейін көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жазғы маусымда мектеп жанында, аула клубтарында және қала сыртындағы лагерьлерде шет тілдерін үйрететін 200-ден астам мектеп жұмыс істейді. Бұдан басқа, аталмыш өлкеде облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 100 оқушыға оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады, - дейді С. Мұқанов.
Биыл өңірде туристік-өлкетану, этномәдени, зияткерлік, спорттық, экологиялық, шығармашылық бағытта 650 лагерь ашылады. Мұнда 88 мыңнан астам оқушы түрлі демалыс түрімен қамтылып, сауықтырылады.