Павлодарлық Олжас Боқаев бокстан ҚР құрамасы көшбасшысын алмастыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін. Екі салмақ санатындағы көшбасшылар әуесқойлық мансаптарына нүкте қойды. Бос орынға павлодарлық Олжас Боқаев та бақ сынауда, деп жазды pavlodarnews.kz.

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жақында кәсібқой боксқа ауысты, сондықтан бапкерлер 69 келі және аса ауыр салмаққа жаңа таланттар іздейді.

Ең ауыр салмаққа,  яғни Дычконың орнына павлодарлық Олжас Боқаев келуі мүмкін. Өткен жылы ол Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, өзінің тас-түйін дайын екенін көрсетті.