«Тәулік ішінде облыста терек мамығының өртенуі себебімен ғана тоғыз өрт оқиғасы болды. Барлық оқиғалар бойынша жалынды департаменттің күштері мен құралдары уақтылы ауыздықтап, сөндірген», - деп хабарлады тілшілерге Пвлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
ТЖ бойынша аймақтық департамент барлық тұрғындарды көшеде терек мамығын өртемей, балаларды одан аулақ жүруін қадағалауға шақырды.
«Кез келген өртену қайғылы жағдаймен немесе басқа азаматтардың шығынға ұшырауымен аяқталуы ықтимал», - деп ескертеді құтқарушылар.