Павлодарлық полицейлер балалар толы автобусты КамАЗ-бен соқтығысудан құтқарды
Облыстың ІІД ақпаратына сәйкес, 10.50-де Павлодар-Астана тас жолында, Спутник пен Пограничник кенттері арасында Баянауылға жарысқа балаларды апара жатқан автобустың қасында еріп келе жатқан полицей көлігі мен қарсы жолаққа шығып кеткен КамАЗ көлігі соқтығысты.
«Автобус Баянауылдан облыс орталығына жарысқа балаларды апара жатқан. Республикалық маңызы бар жолда олардың алдынан күтпеген жерден КамАЗ шығып қалды. Олардың соқығысып қалуының алдын алу үшін біздің қызметкерлер машинаны бұрып, автобусқа жақындаған жүк көлігінің алдынан көлденең шығу шешімін қабылдады. Қызметкерлердің ширақ әрекетінің арқасында жазатайым оқиғаның алды алынды. Полицейлер сынықтар мен түрлі ауырлық деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп түсіндірді мән-жайды ІІД баспасөз қызметінің аға маманы Алма Мұсабекова, оқиға орнында инспекторлар жұмыс істеп жатқанын қосып.
ІІД-де полицей көлігінде 1978 жылы туған Мұрат Нұрсейітов, 1977 жылы туған аға сержант Баянбек Жүнісов болған. Олар жүк көлігінің қарсы жолға шыққанын уақтылы байқап, өз көліктерімен олардың жолдарын бөгеген. Екеуі де жарақат алды. М. Нұрсейітов бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, екіншісі ауруханаға жатудан бас тартты. Бұлар Баянауыл ІІБ қызметкерлері. Балалар зардап шеккен жоқ.
«Автобустық қасында жүріп келе жатқанда КамАЗ қарсы жолға шығып кетті. Патруль көлігі жолды бөгеп, соққыны өзі алды. Жасыл-қызыл түсті автобустың ішінде балалар болды, барлығы солар үшін жасалды!», - деп жазды апат куәлері.
«Балалармен автобусты қорғау үшін полиция қызметкерлері өмірлерін қауіпке тікті. Балалар зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері ауыр жарақат алды. Олар тезірек сауығып кетсін», - деген тілектерін білдірді павлодарлықтар.