Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметін хабарлады.
«Мысалы, Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында «Мерседес» автокөлігінің есігі ашық қалған. Салонның ішінде көрінетін жерде тері бұйымдары мен басқа да бағалы заттар болған. Бұдан басқа, «Тойота Королла» автокөлігінің иесі қымбат телефоны мен құжаттарынан айырылып қала жаздады. Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін анықтап, олармен алдын ала әңгіме жүргізген», - дейді департаментте.
Полиция қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильді зақымдау қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретінін еске салады.