Павлодарлық полицейлер «Қару» операциясының үш күні ішінде заңсыз сақталған 39 қаруды тәркіледі

None
ПАВЛОДАР. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық полицейлер «Қару» операциясының үш күнінде заңсыз сақталған 39 бірлік қаруды тәркіледі,

деп хабарлады ІІД баспасөз орталығы.

8783 жеке қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау, ұстау, тасымалдау мен оны тіркеудің ережелерін бұзудың 203 фактісі анықталды.

«Кіші Атығай» көлінде жолдамасыз және аңшылық билетсіз аң аулап жүрген Екібастұз қаласының 53 жасар тұрғыны ұсталды. Павлодарда көшеде 50 жасар азаматтан сериялық нөмірі жоқ газ тапаншасы, Кенжекөл ауылында жергілікті тұрғыннан 28 калибрлі шолақ мылтық пен ИЖ-53 М тапаншасы табылды.

Жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша тексерістер жүріп жатыр.