Павлодарлық полицейлер көлік ұрлаған мас жүргізушіні тоқтату үшін темір тұлпармен соқтығысты
Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, мас күйінде автокөлікті иемденген жігіт шамамен сағат 00.20-де Павлодар-Лебяжі тас жолында үлкен жылдамдықпен келе жатып, полиция қызметкерлерінің назарына түскен.
- Павлодар қаласының көшелерімен жүрген азамат бірқатар жол ережелерін бұзып, «Тойота Камри» көлігіне соғылған. Бұдан әрі жол апатының алдын алу мақсатында автопатруль № 622 батальоны жол-күзет полициясының старшинасы Асхат Абдрахманов пен кіші сержант Бахтияр Жақиенов көлікті соғып, мас жүргізушіні тоқтатқан, - деп нақтылады ІІД-де.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіт Павлодар қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Видеоны Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынды.