Павлодарлық полицейлер «Құқық тәртібі» операциясын қорытындылады

None
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 26-сы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Желтоқсанның  22-24-і аралығында өткен «Құқық тәртібі»  операциясы    кезінде      павлодарлық    полицейлер бұрын жасалған      30  қылмыстың    бетін ашты,  деп  хабарлайды   Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Заңсыз  сақталып  келген  17    бірлік  қару   және оқ-дәрілер тәркіленді,    ұрланған  екі көлік  табылды.     Азаматтық қару-жарақтардың 7 мың жеке иесін тексеру   барысында  94  заңбұзушылық  анықталды. Алкоголик, нашақор және  отбасы  шырқын  бұзушы  560 адам      есепке  қойылды.

Полицейлер  сондай-ақ,      қоғамдық  жерлерде ішімдік ішу және мас болып  жүру,      рульге  мас болып  отыру,  Қазақстанның аумағында   жүріп-тұру ережесін  бұзу   сияқты    860  әкімшілік  заңбұзушылықты   анықтады.     176  қаңғыбас  пен қайыршы   ұсталды.