Павлодарлық полицейлер марапатталды

ПАВЛОДАР. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Астана қаласында өткізілген ЕҚЫҰ Саммиті кезінде елордада қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі мен 2010 жылы қызметте қол жеткізген табыстары үшін Павлодар облысының 115 қызметкері марапаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды,

деп хабарлады ІІД баспасөз орталығы.

20 қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз еткені үшін» медалімен, 10 полицей «ІІМ үздік қызметі үшін» төс белгісімен, 51 қызметкер ҚР Ішкі істер министрлігінің грамоталарымен атап өтілді.

Тоғыз тәртіп сақшысы Мемлекет басшысының алғыс хатына ие болды.