деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан азаматтың тұлғасын анықтады - ер адам Павлодардың такси паркінде өзінің БМВ көлігімен жекеменшік тасымалдаумен айналысқан.
Таксист облыстық аурухананың маңайына әкеліп тастаған соңғы клиенттер де анықталды. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген, диспетчермен де байланысқа шықпаған.
Қылмыстық іс қозғалды. Арнайы тергеу-жедел тобы қылмысты жасауға қатысы бар тұлғаларды іздестірумен айналысуда.