Павлодарлық полицейлердің көлік шаруашылығында «Тигр» пайда болды

None
ПАВЛОДАР. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлердің көлік шаруашылығында арнайы полиция көлігі - «ТИГР» бронды транспортері пайда болды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық полицияның 20 жылдығында департаменттің көлік паркі айтарлықтай толықты - 70 көлік, соның ішінде командалық-штабтық орталық, эвакуаторлар, шағын автобустар, енді - жол таңдамайтын қуатты бронды көлік алынды.

Биыл ІІД-нің материалдық-техникалық жабдықталуы нығая түсті. 161 млн. теңгеден астам сомаға жабдықтар, арнайы бөлімшелер үшін 23 млн. теңгеге киім-кешек алынды.

Павлодардағы ЖПБ-ның жол-патрульдік экспериментальдық батальоны үшін облыс әкімдігі ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстарына 18 млн. теңге бөлді.