Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан бұған дейін кикбоксинг бойынша 2012, 2015 жылдары Азия чемпионы, 2012 жылы Әлем Кубогінің иегері, 2008 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Дегенмен, ол болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуді көздеуде.
Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 500-дей спортшыдан тұратын 17 команда қатысқан. Нәтижесінде Азия, Әлем чемпионаттарында Қазақстан Республикасының абыройын қорғайтын спортшылар Ұлттық құрама командаға іріктелді.
«Нұрсұлтан ішкі істер органдарында 2016 жылғы қараша айынан бастап жұмыс істейді. Павлодар облысы Ертіс ауданының тумасы. Жасы 25-те. Жалпы орта білім беру мектебін Екібастұз қаласында, кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетінде білім алған. Оның жеке бапкері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сабыржан Жақыпов. Бүгінде ол Павлодар облысының «Алға» спорт клубының бас бапкері», - дейді баспасөз қызметінде.
Мұндай жетістікке жеткені үшін Павлодар облысы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Марат Қожаев Нұрсұлтанды ІІД-нің алғыс хатымен мадақтап, болашақта биік жетістіктерден көріне беруіне тілектес екенін жеткізді.