деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Иса Байзақов ауылы тұрғындарының табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуы туралы хабарлаған өтініштерін тексере келе, прокурорлар «Тамыр» ЖШС-ның Ертіс өзенінің үстіңгі қабаттағы суларына зиян келтіретінін анықтады. Күзет жолағының өңірінде ол тиеуші құралдарының көмегімен құм өндірумен және оны жүк машиналарына тиеумен айналысып келген.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 276-бабы бойынша іс қозғалды - «Тамыр» ЖШС-ға 30 айлық есептік көрсеткіш айып салынды.