Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлия Ермекованың айтуынша, Баянауыл ауылындағы Сәтбаев көшесінің бойымен 38 адам салт атпен және 22 адам көліктерімен жүріп өткен. Олардың әрқайсысында Мемлекеттік Ту болды.
Челленджге барлығы 80 адам қатысып, жалпы ұзындығы 2,8 км жүріп өтті.
Әлия Ермекова шара барысында эпиднормалар сақталғанын және қатысушылар қоғамдық тәртіпті бұзбағанын атап өтті.
Еске салайық, Тәуелсіздің 30 жылдығына арналған осыған ұқсас челлендждер республиканың өзге өңірлерінде де өткізілуде. Қазақстандықтар авто-, мото және салт атпен шерулер ұйымдастыруда.