Павлодарлық шахматшы Санк-Петерборда өткен блицтурнирде жеңіске жетті
09:38, 08 Қазан 2013
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарлық шахматшы Ринат Жұмабаев Санк-Петерборда 155 шахматшының арасында өткен абыройлы блицтурнирде жеңімпаз атанды.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Санк-Петерборда М.И. Чигоринді еске алу аясында 155 шахматшының басын қосқан блицтурнир өтті. Қазақстан намысын қорғаған 5 қатысушының бірі павлодарлық Ринат Жұмабаев үздік атанды. Келесі екі орынды Ресей өкілдері иеленді.
Аталмыш шара 4-14 қазан аралығында өтеді.
24 жасарлық Ринат Жұмабаев - бүгінде халықаралық гроссмейстер атағына ие және еліміздің мықты шахматшыларының бірі.