2 мың шақырымды артқа тастайтын ауыр жүк көліктері арқылы Қазақстан өнімі Қиыр Шығысқа жеткізілмек. Айта кетейік, тасқын салдарынан Қиыр Шығыс тұрғындарының ауыл шаруашылық өнімдері су астында қалған болатын. Жоспар бойынша, Ресейге 3 мың тонна картоп жіберілмек.
«Ресейден, оның ішінде Мәскеу облысынан және Қиыр Шығыстан сұраныс көп. Содан басқа картоп Бурятияға да артылуда», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Темірбай Қуанов.
Облыстың картопты алқабы 15 мың гектарды алып жатыр. Өнім жинау жалғасуда. Картоптың орташа көрсеткіші әр гектардан - 234 центнерді құрауда. Көрсеткіш бойынша бүгінгі күні алқаптағы картоптың 90%-ы жиналып алынды.