Қуандық ағаның айтуынша, бір домбыраны дайындау үшін екі аптадан бірнеше айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Барлығы материалдар мен тапсырыс берушінің қалауына байланысты, дейді ол. Домбыраның орташа бағасы 20 мың теңге. Шебер екі мыңнан астам домбыра дайындаған.
«Ағаштан әртүрлі бұйым жасауды бала кезімнен игергенмін. Сандықтар мен қобдишалар жасайтынмын. Кеңестік кезеңде ұлттық аспаптарға қызығушылық аз болды. Бірақ таныстарым домбыраларын әкеліп, жөндеп беруді көптеп өтінгенінен кейін домбыра жасау өнерін әбден игердім» - дейді Қуандық Баязит.
Шебердің айтуынша, қазіргі жастардың ұлттық музыкалық аспаптарды жасауға деген қызығушылығы бәсең. Балаларды домбыра жасауға тегін үйретемін дегеннің өзінде жастар бұл істен қашқақтайды.
«Туыстарымның балаларын тартып, осы өнерге тартуға тырыстым. Бірақ, қазіргі жастарға бірден ақша керек. Енді домбыра жасап үйреніп келе жатқан адам қайдан ақша тапсын? Бұл істің жұмысы, қыр-сыры көп», - дейді Қуандық Баязит.
Балалар өз қолымен кішігірім домбыра жаса шығуға тырысты.
Мастер-класс соңында Музыканы өз қолымен жасап шығарамыз атты іс-шараға қатысқаны жөніндегі сертификаттармен марапатталды.
Айта кетейік, Қуандық Баязит теміржол салысында пойыз құрастырушы ретінде 40 жыл бойы еңбек еткен, «Құрметті теміржолшы» атағына ие. Оның туындылары Павлодар облысынан бөлек Ресей азаматтарының сұранысына ие.