«Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Мұқашевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады»,- деді ол.
Аға тергеушінің дерегінше, ол кәсіпорын директорынан жалпы қамқорлығы мен Павлодар облысының медицина мекемелері үшін залалсыздандыру құралдарын мемлекеттік сатып алу тендерінде жеңіске жетуі үшін 3 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне іліккен.
«Осы жылдың 30 наурызда Павлодар қалалық №2 сотының үкімімен Мұқашев 3 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Сонымен қатар сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды»,- деді Данияр Биғайдаров.