Павлодарлық дойбышы Данил Гайнулин жарыста бірінші орынды иеленді. Әлем чемпионы Павлодардағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында жаттығады. Бапкері - Рустам Құбайдолла.
Айта кетейік, аталған спорт клубында дойбыдан өзге, шахмат, тоғызқұмалақ, таеквондо, садақ ату, оқ ату, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, шаңғы жарысы, жеңіл атлетика мен дзюдо секциялары жұмыс істейді.
12:35, 29 Қараша 2021
Павлодарлық спортшы дойбыдан әлем чемпионы атанды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында көзі нашар көретін спортшылар арасында дойбыдан әлем чемпионатты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.