Павлодарлық судьялар жазалаудың балама шараларын жиірек қолдана бастады

None
ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының соттары өткен жылдың жұмыс қорытындысын шығарды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, өткен жылы облыс соттары 52,2 мыңнан астам істі қараған, оның 70,1 пайызы - азаматтық істер болса, 3,1 мыңы - қылмыстық істер, 12,7 мыңға жуығы - әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша.

Соттарда жазалау тәжірибесінің төмендеу үрдісі байқалуда: 2 032 адамның 904 (44,5 пайызы ) бас бостандықтарынан айырылып отыр. Облыс соттары жазалаудың балама шараларын, яғни бас бостандықтан айыруымен байланысы жоқ шараларды жиі қолдана бастаған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, былтыр ондай шаралардың саны 1,7 пайызға өскен.

Облыстық сот төрағасы Әуезнұр Қаженов 2010 жылы жүргізілген сот мониторингі мен халық арасындағы әлеуметтік сауалнаманың маңыздылығын атап көрсетіп отыр. Саланың алдында тұрған басымдықты міндеттердің қатарында судьялардың біліктіліктерін жетілдіру, сот істерінің сапалы және жедел қаралуын қамтамасыз ету міндеттері тұр, дейді ол.

Облыс судьяларының конференциясында сондай-ақ Судьялар одағы филиалының Сот этикасы жөніндегі комиссиясының жаңа құрамы сайланды, Амангелді Хамзин комиссия төрағасы атанды.