Павлодарлық судьяларға 12 қызметтік пәтер мен алты көлік кілті табысталды
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің (ЖСК) төрағасы Анатолий Смолин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Облыстық сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин мен Бахытбек Беғалиев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөнінде сот жұмысының қорытындысына тоқталды. Спикерлердің ақпараты бойынша 2017 жылғы 6 айында Павлодар облысының соттарына 1 154 қылмыстық іс түсті. Сот ісін жүргізумен 1 179 іс аяқталды. Үкім шығарумен 813 тұлғаға қатысты 715 іс қаралып, оның ішінде 800 тұлға сотталды және 13 тұлға ақталды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде 305 іс қаралды, ал 2016 жылы 262 іс қаралды. Аталған көрсеткіштің артуы 8,6%-ды құрайды. Бірінші саты соттарымен сот төрелігін жолдау сапасы 1,8%-ға жақсарды.
Іс-шара соңында ЖСК-нің төрағасымен «Судьяларды баспанамен қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында 12 қызметтік пәтер мен алты қызметтік көліктің кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
Ауыр істер бойынша медиация тәртібінде дауларды шешкені үшін құрмет грамоталарымен Ақтоғай аудандық сотының судьясы Әсел Қабрашова, Павлодар қалалық сотының судьясы - Динара Жетпісова; медиация тәртібінде дауларды шешу бойынша үздік көрсеткіштер үшін - Баянауыл аудандық сотының төрағасы Дулат Салатов, Павлодар және Екібастұз қалалық сотының судьялары Гүлім Асанова мен Нұрлан Қаиырбеков марапатталды.
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынға Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұролла Есенжолов ие болды, екінші орын - Ақсу қалалық сотының судьясы Ринат Құрманғалиев, үшінші - Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы - Ғалым Қалдаровтың еншісінде.