Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңке "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өтеді. Өңір фермерлері 90 тонна ет және ет өнімін, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс пен 150 тонна басқа да өнім ұсынады. Бұдан басқа, "Қазақ тағамдары" асханасының ұлттық өнімдері мен Ертіс өңірі қолөнершілерінің бұйымдары саудаланады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрінен жарыстар мен концерттік бағдарлама өтеді.
Айта кетерлігі, павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтардың тарапынан зор сұранысқа ие.