Павлодарлық тұрғынның қос бүйрегі үш адамның өмірін құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудан қоныс аударған  25 жастағы павлодарлық тұрғын үш адамның өмірін құтқарып қалды.

Өмірден өткеннен кейін донор болған  азаматтың мультиоргандарын алу № 1 қалалық ауруханада жүргізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

  Ол 18 қазанда  ауыр бас ми жарақатымен  жеткізілген. Екі күн өткеннен кейін дәрігерлер науқастың  миы тіршілік белгісін тоқтатқанын тіркеген.    - Қайтыс болған адамның жолдасымен және әкесімен сөйлестік,  - дейді № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Алмас Жұмабеков. - Олар Ақтаудан арнайы келген. Туыстарының келісімінен кейін 21 қазан күні Павлодарға астаналық  емханадан дәрігерлер бригадасы жетті. Сол күні бірден рецепиенттерге  ағзалар орналастырылды. Донорлық екі бүйрек екі ұл балаға, бауыры 30 жастағы ер адамға берілді. Рецепиенттер Жамбыл және Ақмола облыстарынан. Ақ желеңділердің айтуынша, донордың жүрегі мен өкпесі де трансплантацияға  жарамды болған. Дегенмен екі күнге созылған күрделі ота алынған ағзалардың қабілетсіздігіне әкеліп, дәрігерлердің еңбегі зая кетер еді.  
 
  - Әдетте, отадан кейін барлығы белгілі болады. Бұл жағдайда ағзаның органдарды қабылдамауы байқалмады. Сондықтан  жақсы болар деген ойдамыз, - дейді Павлодар облысы трансплантология бойынша өңірлік үйлестіруші Дмитрий Потеребух.  Бүгінгі күні елімізде 3517 адам азғасын ауыстыруға мұқтаждардың тізімінде тұр. Ертіс өңірінде олардың саны - 89 адам.