Павлодарлық тұрмысы төмен отбасылар балаларының мектепке жиналуына нұротандықтар көмектесуде
Екібастұзда қалалық мәслихаттың депутаты Эльдар Әбдинов қаланың үш мектебінің оқушыларына мектеп киімін алуға көмек көрсетті. Сондай-ақ Э.Әбдинов 32 жиынтық оқу құрал-жабдықтарын алып берді. Оның партиялас әріптесі Ләззат Бекбергенова Білім күні қарсаңында көпбалалы отбасына мектепке жиналуына жекелей көмегін берді.
Лебяжі ауданында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мұқтаж жүз балаға мектеп формасын, спорт киімдерін, аяқ киім мен оқу құралдарын алып берді. Барлығы 708 мың теңге жиналды. Сондай-ақ аудандық бюджеттен 262 жетім балалар мен тұрмысы нашар отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына 2 миллион теңге бөлу көзделді.
Ертіс, Қашыр, Ақтоғай және басқа да аудандарда «Мектепке жол» акциясы аяқталып қалды, бірақ та мұқтаж балаларға қаражат жинау жалғасуда.