деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Табиғатты қорғаушы мамандандырылған прокуратураның анықтауынша, кейбір колониялардың қоршаған ортаға тигізіп отырған әсерлерін бағалау жөніндегі құжаттары жоқ, ластаушы заттар эмиссияларына да рұқсаттары жоқ, оған қоса, құрылыс қалдықтары жинастырылмайды және жер учаскелері абаттандырылмайды.
«Еңбек» кәсіпорнының колония аумақтарындағы өндірістік учаскелерінде күл-қоқыстар, ағаш үгінділері, металл жоңқалары мен құрылыс қалдықтары жиналып қалған. Түзету мекемелерінің аумақтарындағы экологиялық тазалықты сақтау аса маңызды мәселе, себебі ол жерлерде тар кеңістікте көп адам шоғырланған. Індетке қарсы ережелердің бұзылуы ауыр салдарларға әкелуі мүмкін.
Тексеру қорытындысы бойынша мекемелердің лауазымды тұлғалары мен «Еңбек» республикалық қазыналық кәсіпорны филиалының басшылығының үстінен экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша алты әкімшілік іс қозғалып отыр.