Павлодарлық полицейлер 35 жастағы ер адамға қатысты ҚК 399-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде. Полиция аудио, видеоқұрылғы орнатылған автоқаламды тәркіледі.
Ер адамның айтуынша, автоқаламды оған сыйға тартқан. Маманның қорытындысына сәйкес қалам жасырын фото-видео түсіруге арналған. Арнайы техникалық құралға жатады. Автоқаламның жады картасында он видеофайл бар. Мұндай құрылғыны Павлодар облысы ІІД ақпаратына сәйкес білдірмей ақпарат алу, жазып алу үшін пайдалануы мүмкін.
Мұндай құрылғылардың айналымы ҚР заңнамасында қатаң регламенттелген және лицензиялауға жатады. Таяу уақытта қылмыстық іс сотқа жіберіледі.