Павлодарлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері жаңа қоныстарын тойлап жатыр

ПАВЛОДАР. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, 27 желтоқсан күні Павлодарда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып салынған арнайы үй пәтерлерінің кілтін табыс ету салтанаты болды.

Қарттарды қоныс тойларымен құттықтаған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Құрметті ардагерлер, Сіздер біз үшін ерекше жансыздар, қазіргі буын халықты фашизмнен аман сақтап, өздерінің бейбіт заманда өмір сүріп жатқандары үшін Сіздердің алдарыңызда борыштар. Біз Сіздердің өмірлеріңіздің жақсы болуы үшін қолдан келгенді аямаймыз. Үйдің құрылысы басталған көктем мезгілінде Жаңа жылды жаңа үйде қарсы аласыздар деп уәде еткен едік. Біз уәдемізді орындадық», - деді.

Ардагерлерге арналған үйдің салынуы үшін облыстық бюджеттен 460 млн. теңге бөлінген болатын. Өте ыңғайлы болып бой көтерген тоғыз қабатты үйде 108 пәтер бар, оның 92-сі - бір бөлмелі, 16-сы - екі бөлмелі пәтер. Әр пәтерде телефон орнатылған.

Үйдің бірінші қабатында терапевт пен басқа да мамандар қызмет көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық пункт және азық-түлік дүкеніне арналған орын бар.

Майдангерлер атынан Николай Гарусов ҚР Президенті мен облыс басшылығына ардагерлерге көрсеткен осындай демеулері үшін алғыс білдірді.