Екібастұз ІІБ-ға 60 жастағы зейнеткер шағым түсірді. Ол 2016 жылдың соңында өзіне жақсы таныс делдал арқылы табыс табу мақсатында жекеменшік компаниялардың біріне кірген. Зейнеткер депозитінен 300 мың теңгеден асатын қаражатын әлгі компанияның шотына аударған.
Келісім бойынша зейнеткердің арнайы ашылған шотына 2017 жылдың қаңтарынан бастап компания тарапынан ай сайын 190 еуро түсуі тиіс болған. Алайда есепшотқа ақша түспеген.
Полиция алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
16:39, 24 Мамыр 2017
Павлодарлық зейнеткер алаяққа алданып қалды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Екібастұз қаласының 60 жастағы тұрғыны жекеменшік компаниялардың біріне 300 мың теңге қаражат салып, алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.