деп хабарлады «Павлодар облысы балалар және зейнеткерлер ұйымдарының одағы» қоғамдық қорынан.
Елуге тарта жас қыздар мен балалар көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге, ұйымдастырушылық қабілеттерді шыңдауға арналған семинар-тренингтерге қатысты, замандастары арасында салауатты өмір салтын көңілге қонымды етіп насихаттау жолдарын үйренді.
«Сабақтар арасындағы үзілістерде біз жастар арасында спорт ойындарын ұйымдастыру әдістерімен танысып, футбол ойнадық, шахмат және дойбы турнирлерін өткіздік», - дейді қоғамдық қордың үйлестірушісі Юлия Вяткина.