Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасының аппараты хабарлады. Аудандық прокуратура денсаулық сақтау және білім беру салаларының мамандарына ұсынылатын әлеуметтік қолдау көрсету шараларын талдау барысында жергілікті атқарушы орган тарапынан аталған мамандарға қолдау көрсетпеу фактісі анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маманға 3,4 млн теңге көлеміндегі бюджеттік несие берілді, білім беру саласындағы екі маманға 6,8 млн.теңге сомасына тұрғын үй сатып алуға несие бөлінді.
Жалпы орта білім беру мектептерінің 12 мұғаліміне 1,9 млн теңге болатын біржолғы көтерме жәрдемақы бөлінді. Павлодар ауданының прокуроры Кәрім Шұғаев денсаулық сақтау саласында жылжымайтын мүлік объектілерін салуға немесе сатып алуға бюджет қаражатын бөлуді ұсынды. Сондай-ақ, баспана алу кезегінде тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жылжымайтын мүлік құрылысын ұйымдастыру мәселесін қарастыру туралы өз пікірін білдірді.