Павлодарлық жасөспірімдер өз құқықтарын білуге ынталы
деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығынан.
Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев оқушыларға ұлттық заңнамаға енгізіліп отырған жаңалықтар туралы әңгімеледі және павлодарлық №8 мектеп-лицейдің оқушыларының сауалдарына жауап берді.
Интернет-конференцияда балалар қойған өзекті сауалдардың ішінде ата-аналар мен балалардың арасындағы проблемаларға қатысты сұрақ болды: «Егер, баланың құқығын өз ата-анасы бұзса не істеу керек? Бала тәрбиелеу жұмысында ата-аналарды шектейтін заң бар ма?- дейді олар.
Павлодарлық оқушылар сондай-ақ, «Қандай ойындарды құмар ойындар деп атайды? Ересектер тарапынан зорлық жасалса, қайда барып шағымдану керек? Өткір-кесетін заттарға нелер жатады? Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды тінте алады ма?», - деген сауалдар қойды.
Полковник Бақтыбаев балалардың брлық сауалдарына нақты және түсінікті жауап берді.