Шара барысында баспасөз мәжілісін өткізу, жалғызбасты зейнеткерлерге тұрғын үй-тұрмыстық көмек көрсету жөніндегі еріктілер рейдтерін жүргізу және «Альрами» клуб үйінің және облыстық интернаттардың өкілдерімен достық кездесу өткізу жоспарлануда.
Акция барысында оқушылар, студенттер, жас жұмысшылар және ауылдық жастар 300-ден астам қарттың үйіне барып қайтпақ.
Шараның қорытындысы бойынша «Қамқорлық - игі істердің альбомы» атты фотожинақ дайындалады.