Бұл жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармаларының бірлескен ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылуда. Бағыт Шығыс Қазақстан жерінің тарихи мәнді және қасиетті орындары мен Ертіс өңірінің шекарасы - Абайдың «Жидебай бөрілі» тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық музейі, Қоңыр әулие үңгірі, «Аблайкит» бекініс шіркеуі, табынатын тас, Рахман бұлақтары, Берел қорғандары, Белуха тауы бойынша өтеді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов өңірде маусым - қасиетті жерлерге саяхат айы болып жарияланғанын атап өтті.
«Мәдени және тарихи ортақ мұра болып табылатын Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының қасиетті жерлерін танымал ету, өңіраралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз, - деді Ернұр Дәуенов.
«Оның ішінде «20 суретші» пленэрі бар. Аталмыш іс-шарада екі өңірдің суретшілері қазақ халқының құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, қасиетті жерлері туралы баяндайды.
Айта кетелік, аймақта 2017 жылы ішкі саясат басқармасы өткізген «Қасиетті жерлерге саяхат» ауқымды акциясының нәтижесінде Ертіс өңірінің қасиетті жерлеріне 30000-нан астам адам келген. Павлодар облысының сакралды орындарының картасына тарихи, табиғи-ландшафттық және қоғамдық-саяси маңызы бар 78 нысан енгізілді. Оның 36-сы зерттеліп, бесеуі республикалық сакралды орындар тізіміне енгізілді.