Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты. Халықтық мереке мен жәрмеңке 30-қарашада басталады.
«1 желтоқсанда барлық азаматтар үшін қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Бұдан бөлек, бұл күні «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үйдегі пәтерлердің кілттері табысталады», - делінген хабарламада.
Тұңғыш Президент күні кинотеатрлар мен сауда орындарында жеңілдіктер қарастырылған. Алаңдарда бұқаралық және спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік күніне орай жаңа шағын ауданда тұрғындар қоныс тойын атап өтеді.