Шараға жүзден астам шаруашылық пен кәсіпорын 200 млн. теңгенің 750 тонна өнімін апарады. Оның ішінде 100 тонна ет және ет өнімдері, 37 тонна сүт өнімдері, 90 мың дана жұмыртқа, картоп, көкөністер, ұн, жарма мен макарон өнімдері, май және бал бар. Барлық тауарлар нарықтағы бағасынан 15-20 пайыз арзан бағаға сатылады.
ірі қара мен қой етінің келісі - 950 теңге, жылқы етінің келісі - 1200, картоп, сәбіз, қызылша - 50 теңгеден, орамжапырақ пен қарбыздың келісі - 40 теңгеден қойылды. Елордалық жәрмеңкеге «Рубиком», «КЭММИ», «Крендель», «Сүт» АҚ, «РЭГТайм», «Алтай», «Сағып» шаруа қожалықтары, «Ақжар - Өндіріс» агрофирмасы өз өнімдерін қояды.
Шаруа қожалықтарымен бірге павлодарлық спортшылар, қолөнер шеберлері, шығармашылық ұжымдар көпшілікке өнерлерін көрсетуге келеді.
Сонымен қатар Астана алаңына үш киіз үй орнатылып, онда дастархан жайылады. Қонақтар Павлодар облысының жетістіктері туралы фильмді тамашалай алады.