Астанаға жіберілген жәрмеңке керуенімен өңірде өндірілген 90 тоннадан астам ет, ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс, 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі.
«Павлодар облысының тауар өндірушілері астаналықтар үшін барлығы 760 тонна өнім әзірледі, - деді ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу бөлімінің басшысы Татьяна Нагула. - елордалықтарға өнім ұнайды деген сенімдеміз».
Сондай-ақ «Қазақ тағамдары» ұлттық мәзір өнімдері, Павлодарлық Ертістің халық шығармашылығы мен қол өнері бұйымдары әкелінеді.
Павлодар облыстық филормония ұжымы концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Түрлі спорт түрі бойынша жарыстар өтіп, қатысушыларды көтермелеуге жүлде қоры қарастырылған.