Орақ науқаны негізінен облыстың солтүстігінде - аймақтың ірі астықты өңірі Ертіс ауданында жүріп жатыр. Мұнда 230 мың гектар алқапта сапалы дәнді дақыл өсірілді, жергілікті астық жабысқақтығының жоғарылығымен даңқы шыққан.
- Егін орағына 700 комбайн қатысуда, олардың 200-і су жаңа мәшинелер, - деді аудан әкімі Владимир Левченко.