Бұл туралы Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Сапаровамен кездесуде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Ернар Балтабай мәлім етті.
Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен ауылдық жерге жұмысқа келетін ЖОО түлегіне берілетін көтерме ақының ең жоғары шегі үш миллион теңгені құрайды. Кейде бұдан да аз. Бұл соманы ауылдық жердің әкімдіктері анықтайды содан кейін ғана қаражатты жас маман республикалық трансферт ретінде ала алады. Ал бүгінгі таңда үйлердің құны жеті миллион теңгеге дейін жетеді. Аудан орталығындағы үйлер ауылдық округпен салыстырғанда қымбаттырақ.
«Сома (көтерме ақы - ҚазАқпарат) өзгерген жоқ, ал баспана бағасы тоқтаусыз өсуде. Демек, алты жыл бұрын бекітілген көтерме ақымен баспана алу мүмкін емес, - деді депутатқа басқарма басшысы Наталья Нефёдова. Мәслихат қосымша қаржы бөлу секілді шешім қабылдай алады, бірақ заңға сәйкес акт жоқ. Біз бұл мәселені бұрынғы Премьер-Министр Мәсімовтің кезінде де көтергенбіз».