«Әлеуметтік желілерде жарияланған Ертіс өзеніндегі көбікке қатысты шағым бойынша Экология департаментінің зертханасы талдау жүргізу үшін Ертіс өзене барды. Экология департаментінің зертханасы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес химиялық көрсеткіштердің ауытқуы анықталған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану басқармасынан.
Басқарма гидрологтарға сілтеме жасай отырып, көбік су бетінде желдің екпінімен пайда болғанын айтты.
«Мұнда ешқандай экологиялық проблема жоқ», - деп атап өтті Павлодар облысы Жер қойнауын пайдалану басқармасының баспасөз қызметінен.