«Павлодарда тәулік бойы жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Бұл бастама «Жас Отан» жастар қанатына тиесілі, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық жастар қанатының басшысы Санира Жүсіпова.
Қабылдау бекеті мына мекенжайда ашық: Кривенко, 25А (партияның облыстық бөлімшесінің ғимараты)».
ШҚО-да зардап шеккен тұрғындарға жаңа киім, құрылыс материалдары (цемент, кірпіш және т.б.), бұзылмайтын азық-түліктер (консервілер, май, қант, тұз, жарма және т.б.) қажет, деп атап өтті С.Жүсіпова.
10:16, 14 Наурыз 2018
Павлодарлықтар ШҚО тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетпек
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін азық-түлік пен құрылыс материалдарын жиналып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.