«Павлодар облысында «Баланы мектепке дайындаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында осы акцияны аясында өткізілген шарада табысы аз отбасы балаларына мектеп киімін алу үшін 25 мың теңге, кеңсе тауарларын алуға тағы да 5 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді», - деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.
21:27, 01 Тамыз 2018
Павлодарлықтар табысы аз отбасы балаларын мектепке дайындауға атсалысуда
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Баланы мектепке дайындаймыз» қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.