Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Это Павлодар, Детка!» қауымдастығында Даниял Санатов есімді азамат екі сурет жариялаған. Оның айтуынша, сурет «Бейбітшілік» аялдамасында түсірілген. Жәшіктің сыртында «Ақшаң жетпесе ал, артық болса қалдырып кет. Мейрімділік үшін! №35 мектеп 7А сыныбы» деген жазу жазылған.
02:33, 23 Қаңтар 2017
Павлодарлықтар жолақысы жоқ жандар үшін аялдамада ақша қалдыратын жәшік орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының тұрғындары Хим қалашығындағы «Бейбітшілік» аялдамасында жолақысы жоқ жандар үшін жәшік орнатты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.