Павлодарлықтардың сирек кездесетін қарулары ІІМ мұражайына қойылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 10 сәуірден бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталынған қарулар, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз сақтап келген қарулар мен жарылғыш заттарды ақшалай марапат үшін өткізуге ниет білдірген азаматтар кез келген аудандық, қалалық ішкі істер органдарына өзі туралы жеке мәліметтерін, өткізетін заттардың атауын, маркасын, калибр, қару нөмірін, ату жарақтарының саны және оларды қайдан алғаны жайлы ақпараттарды көрсете отырып өтініш білдіреді. Мәдени құны бар ескі атыс қаруы (біртұтас оқтармен атыс үшін жасалған қарудан басқа, 1899 жылға дейін жасалған атыс қаруы) қарулар комиссиясының шешімі бойынша жедел қылмыстық бөлімдерінің немесе ішкі істер министрлігі мұражайының заттай коллекциясына берілуі мүмкін. Азаматтар өткізілген қару, ату жарақтары мен жарылғыш заттар үшін сыйақымен марапатталады. Комиссия ұсынылған материалдарды бір айдан артық емес мерзімде өз еркімен өткізілген заттар мен өнімдердің техникалық жағдайын және берілетін сыйақы мөлшерін анықтайды.

 Заңсыз сақталынған қару, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды өткізген азаматтарға Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы тағайындалады: 1) иір ойықты автоматтық атыс қаруының әрбір бірлігі үшін жүз еселік АЕК; 2) ұзын ұңғылы иір ойықты атыс қаруының әрбір бірлігі үшін елу еселік АЕК; 3) қысқа ұңғылы иір ойықты атыс қаруының (винтовка, карабин) әрбір бірлігі үшін қырық еселік АЕК; 4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін отыз еселік АЕК дейін; 5) жарақат салатын тапанша немесе револьвердің әрбір бір бірлігі үшін он еселік АЕК дейін; 6) әрбір гранат, мина, ату құрылғысы мен артиллериялық снаряд үшін жеті еселік АЕК дейін; 7) жарылғыш өнімдерінің әрбір 1000 грамы үшін алты еселік АЕК; 8) иір ойықты қаруға 5,6 мм артық калибрдің әрбір оғының бір бірлігі үшін отыздан бір АЕК; 9) иір ойықты (кіші калибрлі) қаруға 5,6 мм калибрдің әрбір оғының бір бірлігі үшін жүз он бестен бір АЕК; Комиссиямен сыйақы мөлшерлері анықталу кезінде қарулану заттарының техникалық жағдайы үш санат бойынша ескеріледі. 1 санат - пайлануға берілмеген және техникалық ақауы жоқ, сондай-ақ бұрын ұдайы пайдалануда болған, бірақ көрінетін және көрінбейтін ақаулары жоқ, тауарлық сипатын жоймаған қарулар. Ұсынылған бағасының 100 % есебінен ол үшін төлем жасалады. 2-санат - ұдайы пайлануда болмаған, оның алдағы уақыттағы пайдалануына ықпал ететін жеке техникалық ақаулары немесе тауарлық сипатының кемшіліктері бар, жөндеу жолымен жоюды қажет етпейтін қарулар. Осы санат бойынша ұсынылған бағасының 70 % есебінен ол үшін төлем жасалады. 3 санат - алдағы уақытта пайдалануға жарамсыз немесе негізгі механизмдері, құрылғылары техникалық ақауларына байланысты пайдалануда қауіпті қарулар. Осы санат бойынша ұсынылған бағасының 30 % есебінен ол үшін төлем жасалады. Азаматтар сыйақы сомасын оның шот-картасына немесе ішкі істер органындағы касса арқылы аударады. ІІБ-не өз еркімен заңсыз сақталынған атыс қаруларын, ату жарақтары мен жарылғыш заттарды өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

 Қажетті ақпараттар алу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер бөліміне, сонымен қатар облыстық ішкі істер департаментіне 39-11-75 телефоны бойынша хабарласуға болады.